Мәзір
Футбол

Қазақстан ФИФА рейтингінде төрт сатыға жоғарылады

Сабина Асқарқызы 108 қаралым
Қазақстан ФИФА рейтингінде төрт сатыға жоғарылады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турниріндегі сәтті өнерінен кейін ФИФА-ның жаңа рейтингінде бірден төрт сатыға жоғарылады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы рейтингте 1182,96 ұпаймен 4 сатыға жоғарылап, 110-орынға жайғасты.

Айта кетейік, FIFA Series турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы ойында Намибияны 2:0 есебімен, ал кейін Комор аралдары құрамасын 1:0 есебімен ұтты.

Рейтингте Франция құрамасы көш бастады. Ал Испания құрамасы екінші орынға түсті.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар