457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан Blind футбол құрамасы Англияда тарихи жүлде жеңіп алды

Қазақстанның Blind футболдан жастар құрамасы Англияның Бирмингем қаласында өткен халықаралық IBSA Development Cup U-23 турнирінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс 28–31 мамыр аралығында ұйымдастырылып, 23 жасқа дейінгі көру қабілеті бұзылған футболшылар арасында алғаш рет өткізілді. Турнирге Англия, Польша және Италия сияқты мықты құрамалар қатысты. Қазақстандық жастар бұл додада алғаш рет өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі бәсекеде дебют жасады.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Польшаға қарсы тең ойын өткізіп, сол күні Италия командасымен де кездесті. Қарқынды кестеге қарамастан, отандық спортшылар тартысты матчтарда лайықты ойын көрсетті.

Үшінші орын үшін өткен шешуші кездесуде Қазақстан мен Италия қайта жолығып, бұл жолы қазақстандықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

 

Фото: ҚФФ