Мәзір
Футбол

Қазақстан әйелдер құрамасының Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі

Сабина Асқарқызы 166 қаралым
Қазақстан әйелдер құрамасының Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі

Бас бапкер Мадияр Кембілов Әзербайжанмен өтетін жолдастқ матчтарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады , деп хабарлайды malimsports.kz.

Жолдастық ойындар 24 және 27 қазан күндері Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Ұлттық құрама 15 қазан күні Шымкенттегі БИІК базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Ұлттық құрама сапына 25 ойыншы шақырылды.

Қақпашылар: Аружан Оразбекова («Люботин», Солтүстік Македония), Назым Исмайлова («Томирис-Тұран»), Әсел Ануарбек («Ұлытау»).

Қорғаушылар: Александра Бурова («БИІК-Шымкент»), Қазына Норбаева, Мадина Жанатаева (екеуі де – «Ақтөбе»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Карина Ботабек («Ұлытау»), Назерке Шалмұханбетова («Қызыл-Жар»), Кристина Шустова, Аделия Бекқожина (екеуі де – «Жеңіс»).

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Карина Берікова («Будучност», Черногория), Ксенья Хайрулина («БИІК-Шымкент»), Эльмира Абдулаева («Қайрат»).

Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әсем Қаражанова (екеуі де – «Ақтөбе»), Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия), Әсел Кубесова, Арайлым Орынбасарова (екеуі де – «Қызыл-Жар»), Анеля Мамырова («Елімай»).

Жаттықтырушылар құрамы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы бапкері, Мұрат Мұқашев – қақпашылар жаттықтырушысы, Тимур Қасымов – сарапшы-бапкер, Айдана Рамазанова – дәрігер, Рахат Наурзалиев – массажист, Максим Дудукин – массажист, Наталья Горенко – администратор, Әділет Досымжанов – кит-менеджер, Мақсат Әмірбай – бейнеоператор.

Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының матчтар күнтізбесі:

24 қазан 2025 жыл | 19:00

Қазақстан W – Әзербайжан W

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Шымкент

27 қазан 2025 жыл | 14:00

Қазақстан W – Әзербайжан W

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Шымкент

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар