Мәзір
Футбол

Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

Сабина Асқарқызы 85 қаралым
Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

Швейцарияның Ньон қаласында 2027 жылғы әйелдер арасындағы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы «C» лигасының 6-тобында ойнайды. Біздің команда бұл кезеңде Беларусь және Армения құрамаларымен кездеседі.

Әлем чемпионатының іріктеу ойындары 2026 жылдың ақпан айында басталады. УЕФА бекіткен күнтізбеге сәйкес матчтар келесі аралықтарда өтеді:

1-2 турлар: 24 ақпан - 7 наурыз 2026 жыл;

3-4 турлар: 7 - 18 сәуір 2026 жыл;

5-6 турлар: 1 - 9 маусым 2026 жыл.

Ойындардың нақты кестесі кейінірек жарияланады.

Фото: UEFA

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар