Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты іріктеуін бастайды
Қазақстан әйелдер футбол құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 3 наурызда Арменияға қарсы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:55-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Жарыстың осы кезеңінде Қазақстан құрамасы Армения мен Беларусь құрамаларымен өз шеберлігін сынайды. Ойындар наурыз, сәуір және маусым айларында өтеді. Жақында ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер Бегайым Қырғызбаева 27 футболшыны шақырған.
Құрама құрамасы:
Қақпашылар: Ангелина Портнова, Назым Исмайлова, Виктория Зейнали
Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Анастасия Власова, Қазына Нұрбаева, Томирис Рахатжан, Александра Набокова, Кристина Шустова, Аделия Бекқожина, Анель Бланк, Анеля Сұңқарова, Анеля Берікова
Жартылай қорғаушылар: Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева, Карина Жұмабайқызы, Адина Бейбут, Анастасия Низамутдинова
Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук, Назым Алданазар, Полина Тучина, Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева, Амина Бибосынова
Қазақстан әйелдер құрамасы 3 және 7 наурыз күндері елордадағы «Астана Аренада» Армения және Беларусь құрамаларымен кездеседі.
Фото: ҚФФ
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған