457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ футболшысы гол соғып, «Левантеге» жеңіс сыйлады

Қазақстандық 18 жастағы вингер Алдияр Нұрғали Испанияның «Атлетико Леванте» (U-23) командасы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық футболшы Испанияның бесінші дивизионында өнер көрсететін «Асероға» қарсы бақылау матчында 45 минут алаңға шығып, «Атлетико Левантенің» 2:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

Осылайша, Алдияр Нұрғали «Левантенің» резервтік командасындағы дебюттік маусымын нәтижелі бастады.

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы «Леванте» клубының U-19 командасы сапында 8 гол соғып, нәтижелі ойынымен көзге түскен болатын.

 

Фото: Алдияр Нұрғалидың жеке мұрағатынан