457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қарабақ» Еуропа Чемпиондар лигасында екінші рет жеңіске жетті

Әзірбайжан клубы Чемпиондар лигасындағы екі ойында 6 ұпайы иеленіп отыр.

Бүгін Бакуде УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші туры аясында "Қарабақ" (Әзірбайжан) пен "Копенгаген" (Дания) командалары кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудің тағдырын агдамдықтардың пайдасына шешкен голды ойынның 28-минутында жартылай қорғаушы Абделла Зубир соқты. Ал матчтың 83-минутында "Қарабах" футболшысы Эммануэль Аддай тағы бір гол енгізіп, есепті 2:0 қылып түйіндеді.

Айта кетейік, бірінші турда "Қарабақ" Лиссабонда "Бенфикамен" кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп жатып, ақырында 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Осылайша, агдамдықтар қазір 6 ұпай жинап, турнирлік кестенің төртінші сатысына жайғасты.

Фото: Чемпионат