"Қақпашысы қалып қойды": Италияның А Сериясында клуб автобусы бір ойыншыны тастап кетті
Италияның Серия А чемпионатында өнер көрсететін «Кремонезе» клубының автобусы қонақтағы «Сассуолоға» қарсы өткен матчтан (0:1) кейін өз қақпашысы Эмиль Аудероны күтпестен стадионнан кетіп қалған. Бұл туралы Sky Sports хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
Ойыннан соң Аудеро сұхбат беріп, баспасөз аймағында журналистермен және «Сассуоло» футболшысы Джей Идзеспен әңгімелесіп тұрған. Сол сәтте «Кремонезе» клубының автобусы қақпашыны күтпей кетіп қалған.
Кейін клуб Аудеро үшін жеке көлік шақырып, футболшы Кремонаға жеткізіліп, командасына қайта қосылды.
Биылғы маусымда 29 жастағы Эмиль Аудеро «Кремонезе» сапында барлық турнирде 19 матч өткізіп, 22 гол жіберген және 7 ойында қақпасын «құрғақ» сақтаған.
Аудеро бұған дейін «Интер», «Палермо», «Комо», «Сампдория» клубтарында ойнаған. «Ювентус» құрамында ол Италия чемпионы атағын үш рет (2015, 2016, 2017) және ел кубогын екі рет (2016, 2017) жеңіп алған. Ал «Интермен» бірге 2024 жылы Италия чемпионы атанған.
Қазіргі таңда «Кремонезе» Серия А турнир кестесінде 14-орында келеді. 22 турдан кейін команда еншісінде 23 ұпай бар.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған