Мәзір
Футбол

«Қайсардың» бапкеріне қызығушылық артып жатыр

Сабина Асқарқызы 9 қаралым
«Қайсардың» бапкеріне қызығушылық артып жатыр

Қазақстандық бірнеше клуб «Қайсар» командасының бас бапкері Виктор Кумыковтың кандидатурасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz «Серый CARDINAL» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Кумыковқа «Каспий» мен «Ертіс» клубтары белсенді түрде қызығушылық танытып отыр. Ал «Қайсар» басшылығы әзірге үнсіз. Ресейлік маман, оны Қазақстанда ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан, ендігі шетелдік деу қиын, «Қайсарды» нағыз «авторитеттерге қауіп төндіретін» командаға айналдырды. Егер «Қайрат» чемпион бола алмай қалса, ол тек қызылордалық клубпен өткен матчтарда жоғалтқан төрт ұпайдың кесірінен болмақ. Дәл осыны «Астана» жайлы да айтуға болады. Ең қызығы, Кумыков бұл команданы бірде-бір легионерсіз жасақтап, клубтың ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, арнада Қызылорда облысының спорт саласындағы кейбір шенеуніктері бапкердің еңбегіне қарамастан келісімшартты ұзартуға асықпай отырғаны айтылған.

«Кумыков бұл жолы жұмыссыз қалмайтыны анық», - деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, ҚПЛ-дың 24-турының қорытындысы бойынша «Қайсар» 20 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында тұр. Ал «Каспий» мен «Ертіс» келесі маусымда Премьер-лигаға жолдама алған командалар қатарында.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар