Қызылорданың «Қайсар» клубы маусымаралық кезеңде жеті ойыншысымен қоштасқаны белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клубтан кеткендер қатарында қақпашы Александр Мокин, қорғаушылар Никита Губарев пен Карам Султанов, жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан, шабуылшылар Айбар Жақсылыков, Ерсұлтан Төреқұл және Марлен Айманов бар.
Қазақстан құрамасының футболшысы Айбар Жақсылыков Семейдің «Елімай» командасына ауысты. Ол өткен маусымда 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Ал Никита Губарев Петропавлдың «Қызылжар» клубының құрамын толықтырды.
Сонымен қатар «қасқырлар» бас бапкерін ауыстырды. Ресейлік Виктор Кумыковтың орнына қазақстандық маман Андрей Ферапонтов келді.
Фото: "Қайсар" ФК