Мәзір
Футбол

«Қайсар» қысқы трансферде «Астана» қорғаушысы Александр Марочкинді қатарға қоспақ

Сабина Асқарқызы 121 қаралым
«Қайсар» қысқы трансферде «Астана» қорғаушысы Александр Марочкинді қатарға қоспақ

Қызылордалық «Қайсар» командасы қысқы трансфер кезінде құрамын күшейтуді жоспарлап отыр. Клуб «Астананың» тәжірибелі қорғаушысы Александр Марочкинді өз қатарына қайта қосуды көздейді.

Offside.kz мәліметінше, «Қайсар» бұрынғы ойыншысын қайта шақыруды жоспарлап отыр. Қазір команда жаңа маусымға дайындықты бастап кеткен және жеке меншік басқару жүйесіне өткеннен кейін қорғаныс шебін күшейтуге ерекше назар аударуда. Осы тұрғыда тәжірибелі ойыншыларға басымдық берілуде.

Александр Марочкин - бұл талаптарға толық сай келетін футболшы. Ол Қазақстан футболындағы ең сенімді және тәжірибелі орталық қорғаушылардың бірі саналады. Қазіргі таңда 33 жастағы қорғаушы «Астана» сапында өнер көрсетеді, ал оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың желтоқсанына дейін жарамды.

Марочкин өз мансабында бірнеше қазақстандық клубтардың намысын қорғаған: «Қайсар», «Тобыл», «Оқжетпес» және «Астана». Елордалық клубта ойнаған кезеңінде ол барлық турнирлерде 71 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

Егер келісім жүзеге асса, Марочкин Қызылордаға қайта оралып, «Қайсардың» қорғанысындағы негізгі тіректердің бірі болуы мүмкін.

Фото: КФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар