Қызылорданың «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Андрей Ферапонтов кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Грекияның АЕК клубында тәжірибе жинақтайды.
Жұмыс сапары барысында Андрей Святославович АЕК командасының оқу-жаттығу үдерісімен, ойын философиясымен және заманауи жаттығу әдістемелерімен танысып, бас бапкер Марко Николич бастаған бапкерлік штабтың тәжірибесін меңгереді.
Айта кетейік, Андрей Ферапонтов жақында Қызылорда командасының тізгінін ұстады. Ол осыған дейін команданы үш жыл жаттықтырған Виктор Кумыковты алмастырды.
Фото: «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі