457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайраттың» тағы бір түлегі Еуропаға жол тартты

Алматылық «Қайрат» клубының 18 жастағы түлегі, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы Аламгир Смақов Түркияның «Бешикташ» клубымен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Инсайдерлік мәліметке сәйкес, трансфер туралы келісім бұған дейін жасалған. Алайда ФИФА-ның кәмелетке толмаған шетелдік футболшыларды тіркеуге қатысты ережесіне байланысты келісімшарт ойыншы 18 жасқа толғаннан кейін ғана ресми рәсімделген.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол бес жолдастық кездесуге қатысып, екі гол соғып, бірнеше нәтижелі пас авторы атанды.

Жергілікті клубтың бапкерлер штабы Аламгир Смақовтың әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта оны ресми матчтарға қатыстыруды жоспарлап отыр.

 

Фото: "Бешикташ" ФК

Ең көп оқылған