457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырза қаһарманға айналды

Қазақстандық футбол жанкүйерлері қарсыластың ірі жеңісіне аса мән бермеді.

30 қыркүйекте Алматыда қазақ футболының тарихындағы аңызға айналған матч өтті, онда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» кездесті. Қонақтар 0:5 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Дегенмен қазақстандық футбол жанкүйерлері қарсыластың ірі жеңісіне аса мән бермеді. Себебі «Қайраттың» құрамында намыспен ойнағандар болды. Солардың ішінде - клубтың жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза. Егер ол болмағанда, «Реалдың» пайдасына гол саны бірнеше есе көп болар еді. Ойыннан кейін ол бірден танымал болды. Команда жанкүйерлері Шерхан Қалмұрзаның Instagram парақшасына көптеген жылы пікір жазып қалдырған. 

Олардың ішінде жанкүйерлердің «Есеп 0:10 болуы мүмкін еді, бірақ сенің ерлігің мен табандылығының арқасында ойын жақсы өтті», «Шерхан жарайсың, біз сенімен мақтанамыз», «Нағыз арыстан, мінезді екенсің», «18 жасыңда әлемдік акуламен күрескен қаһармансың. Жарайсың, чемпион!», «Қанша допты қайтардың. Сен — мықты ойыншысың», «Осындай қарқынмен жалғастырсаң, 10 жылдан кейін әлемдік жұлдыз боласың» деп жазған пікірлері назарға ілікті.

Фото: Ашық дереккөзден