«Қайраттың» плей-оффтағы қарсыласы белгілі болды
Алматылық «Қайрат» UEFA Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Андерлехтпен» кездеседі. Екі команда турнирдің негізгі кезеңіне жолдама үшін таласады, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Андерлехт» үшінші іріктеу кезеңінде Грекияның ПАОК клубын екі матчтың қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңіп, плей-оффқа өтті.
«Қайрат» биылғы еурокубок жолын Чемпиондар лигасынан бастады. Алматылық клуб іріктеу кезеңдерінде мынадай нәтижелер көрсетті:
1-кезең: Черногорияның «Сутьескасын» екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңді;
2-кезең: Кипрдің «Омониясын» пенальти сериясында 6:5 есебімен ұтты;
3-кезең: Болгарияның «Левски» клубына екі ойынның қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жол берді.
Енді «Қайрат» еурокубоктағы жолын Еуропа лигасында жалғастырады.
Алғашқы матч 20 тамызда Қазақстанда өтеді. Қарымта кездесу бір аптадан кейін Бельгияда ұйымдастырылады.
Екі матчтың жеңімпазы Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.
Фото: «Андерлехт» футбол клубы
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған