Мәзір
Футбол

«Қайраттың» ойынын тікелей эфирден көрсетпейді

Сабина Асқарқызы 123 қаралым
«Қайраттың» ойынын тікелей эфирден көрсетпейді

«Қайрат» Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиындары аясында әзербайжандық «Нефтчи» және хорватиялық «Вараждинмен» бақылау матчтарын жабық режимде өткізетін болды.
Алматылық клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қос кездесу тікелей эфирде көрсетілмейді.

«Бүгін Алматы уақытымен сағат 18:00-де бакулық «Нефтчимен» ойнайды. Ал жиындардың қорытынды матчы хорватиялық «Вараждинге» қарсы 14 қаңтар күні сағат 18:00-де өтеді. Матчтардың тікелей трансляциясы жоспарланбаған, - деп жазылған «Қайрат» футбол клубы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, «Қайрат» 20 қаңтар күні Чемпиондар лигасының топтық кезеңдері аясында өз алаңында бельгиялық «Брюггеге» қарсы ойын өткізеді.

Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар