Мәзір
Футбол

«Қайраттың» матчында ең қымбат билет 250 000 теңге болады

Сабина Асқарқызы 41 қаралым
«Қайраттың» матчында ең қымбат билет 250 000 теңге болады

Қазақстан чемпионы «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төрт ойынын Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алматылық клуб өз алаңында мына қарсыластарды қабылдайды:

30 қыркүйек – «Реал Мадрид» (Испания)

21 қазан – «Пафос» (Кипр)

9 желтоқсан – «Олимпиакос» (Грекия)

21 қаңтар – «Брюгге» (Бельгия)

Билеттердің бағасы

Клубтың жоспарына сәйкес, билеттердің басым бөлігі пакет түрінде сатылады. Жанкүйерлер бірден төрт ойынға билет сатып ала алады.

Пакет бағасы:

95 000 теңге

150 000 теңге

250 000 теңге

Баға стадиондағы орынның орналасуына байланысты өзгереді.

Жеке билеттер және қонақтарға арналған квота

Әр ойынға бөлек билет те сатылымға шығады. Алайда олардың нақты бағасы мен саны әзірге белгісіз.

УЕФА регламентіне сәйкес, әр матчта қонақ жанкүйерлер үшін арнайы квота қарастырылады. Мұндай билеттердің бағасы €50-дан (шамамен 31 500 теңге) аспауы тиіс. Ал қалған билеттердің құнын клубтың өзі белгілейді.

Қайдан сатып алуға болады?

Биылғы маусымда «Қайрат» билеттерді Freedom Ticketon сервисі арқылы сатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта сатылым әлі басталған жоқ. Клуб келесі аптада ресми хабарландыру жасамақ.

Freedom Ticketon қолдау қызметі жанкүйерлерге ресми ақпарат шыққанша күте тұруды сұрап отыр.

Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар