«Қайраттың» ірі жеңілісінің басты себебі аталды
Алматылық Қайрат командасының Чемпиондар лигасындағы ірі жеңілісінен кейін ресейлік «Футбол на Куличках» сайты матчтың басты кейіпкерін атады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Басылым нұсқасы бойынша, бельгиялық Брюгге клубының жартылай қорғаушысы Ханс Ванакен алматылықтармен өткен ойындағы ең үздік футболшы болған.
Ресейлік сайттың жазуынша, «Брюгге» сапындағы бірнеше ойыншы жоғары деңгейде өнер көрсеткенімен, Ванакеннің ойыны ерекше көзге түскен. Ол матч бойы белсенді қимылдап, екі нәтижелі әрекетке тікелей үлес қосты. Алғашқы таймда өзі гол соқса, екінші таймда әріптесі Мехелеге нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин жетекшілік ететін «Қайрат» жалпы кезеңде жеті матч өткізіп, бар болғаны бір ғана ұпай еншіледі. Бұл ұпай Кипрдің Пафос клубымен өткен кездесуде тіркелген тең ойыннан кейін алынған. Қалған матчтарда алматылық ұжым Португалияның Спортинг, Испанияның Реал, Италияның Интер, Данияның Копенгаген, Грекияның Олимпиакос және Бельгияның Брюгге командаларынан жеңілді.
Жалпы кезеңнің аяқталуына бір матч қалды. «Қайрат» 28 қаңтар күні Англияның Арсенал клубына қарсы ойнайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған