457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайраттың» Еуропа лигасындағы ықтимал қарсыласы анықталды

«Омония» - «Қайрат» арасындағы алғашқы матч 22 шілдеде Кипр астанасы Никосияда өтеді.

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен өте алмаған жағдайда, Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыласын білді, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Егер Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші кезеңінде Кипрдің «Омония» клубына жол берсе, онда Еуропа лигасының келесі кезеңінде Швецияның «Мьельбю» және Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командалары арасындағы жұптың жеңілген командасымен кездеседі.

Еске салайық, «Омония» - «Қайрат» арасындағы алғашқы матч 22 шілдеде Кипр астанасы Никосияда өтеді. Ал қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда ұйымдастырылады.

Ал егер «Қайрат» кипрлік клубты жеңіп, келесі кезеңге жолдама алса, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» және Румынияның «Университатя Крайова» командалары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Фото: Sports.kz