457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайраттың» Еуропа лигасы плей-оффындағы ықтимал қарсыласы белгілі болды

Алматылық «Қайрат» клубының Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-оффындағы ықтимал қарсыласы анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Егер Рафаэль Оразбахтин шәкірттері Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» клубына жол берсе, онда Еуропа лигасының плей-оффында Грекияның ПАОК клубы мен Бельгияның «Андерлехт» командасы арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Ал «Қайрат» «Левски» тосқауылынан өтіп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алса, онда топтық кезең жолдамасы үшін Грекияның АЕК клубымен кездеседі.

Еске салайық, алматылық ұжым Чемпиондар лигасының алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьескасын» (2:1, 2:0) және Кипрдің «Омониясын» (0:1, 1:0, пенальтилер сериясында – 6:5) жарыс жолынан шығарған болатын.

«Левски» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы кездесу 4 тамызда Болгария астанасы Софияда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Қарымта ойын 11 тамызда Түркістанда ұйымдастырылып, 20:00-де басталады.

 

©Depositphotos.com/Alex_Ishchenko