457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайраттың» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды

Алматылық «Қайрат» клубының футболдан UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан чемпионы турнир жолын алғашқы іріктеу кезеңінен бастайды. UEFA клубтық коэффициенті бойынша алматылық команда 11.000 ұпаймен «еленгендер» қатарына енді. Бұл мәртебе «Қайратқа» салыстырмалы түрде рейтингі төмен қарсыластармен кездесуге мүмкіндік береді.

Ықтимал қарсыластар қатарында Андорраның «Интер Клуб д’Эскальдес», Болгарияның «Левски», Арменияның «Арарат-Армения», Әзербайжанның «Сабах», Литваның «Жальгирис», Черногорияның «Сутьеска», Мажарстанның «ЭТО Дьёр», Грузияның «Иберия 1999», Албанияның «Эгнатия», Мальтаның «Флориана», Сан-Мариноның «Тре Фиори», Солтүстік Македонияның «Вардар», Люксембургтің «Атерт Биссен» және Беларусьтің «Витебск» клубтары бар.

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчтар 7-8 және 14-15 шілде күндеріне жоспарланған.

Еске салсақ, өткен маусымда «Қайрат» еурокубоктың негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне», Испанияның «Реал Мадридіне», Италияның «Интеріне», Грекияның «Олимпиакосына», Данияның «Копенгагеніне», Бельгияның «Брюггесіне» және Англияның «Арсеналына» жол беріп, Кипрдің «Пафосымен» тең нәтиже тіркеген еді.

 

Фото: "Қайрат" ФК