"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы тарихи матчының төрешілері анықталды

Лиссабонда өтетін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі «Спортинг» (Португалия) пен «Қайрат» (Қазақстан) арасындағы маңызды кездесуге төрешілер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ойынды негізінен Польша елінен келген арбитрлер тобы қадағаламақ. Бас төреші қызметін Дамиан Сильвестжак атқарады. Оған көмекші төрешілер ретінде Павел Сокольницки мен Адам Карасевич белгіленіп отыр.
VAR міндетін Томаш Квятковски атқарса, оған Нидерландтан келген Пол ван Букел көмек көрсетеді. Төртінші төреші ретінде Марчин Коханек бекітілген.
Бұл тарихи матч 18-інен 19 қыркүйекке қараған түні, Астана уақытымен сағат 00:00-де Лиссабонда өтеді.
Айта кетейік, бұл — алматылық «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойыны болмақ. Қарсылас - Еуропаның футзалдағы алпауыт клубтарының бірі саналатын «Спортинг».
Фото: gettyimages.com


Ең көп оқылған
