«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды
Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы атанған алматылық «Қайрат» Черногорияның алты дүркін чемпионы «Сутьеска» клубымен кездесетін болды.
Бірінші матч 7-ші немесе 8-ші шілде күні Алматыда өтеді. Ал қарымта кездесу бір аптадан кейін Черногорияның Никшич қаласында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, «Қайрат» өткен маусымда тарихи жетістікке қол жеткізіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне дейін жеткен болатын. Ол үшін алматылық клуб төрт іріктеу кезеңінен сәтті өткен еді.
Сондай-ақ 17 маусымда екінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтеді. Егер «Қайрат» «Сутьескадан» басым түссе, келесі кезеңдегі ықтимал қарсыласын осы жеребе анықтайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Әлем чемпионаты: Кабо-Верде қақпашысы әлеуметтік желіде бір тәуліктен астам уақытта 12 миллионға жуық оқырман жинады
Ең көп оқылған