Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин командасының Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысуы Қазақстандағы футболдың дамуына серпін береді деп есептейді, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Чемпиондар лигасының соңғы турында Уразбахтин шәкірттері Лондонда жергілікті «Арсеналдан» 2:3 есебімен минималды жеңіліс тапты.
Біздің футболдық ертегіміз аяқталды. Алған тәжірибемізге өте қуаныштымыз. Біз топ-командаларға қарсы ойнадық, сондай-ақ мықты ұжымдарды Қазақстанға алып келдік. Біз үшін бұл - ең басты жеңіс. Мүмкін, біздің арқамызда елімізде футболға деген қызығушылық артқан шығар. Жанкүйерлер саны көбейді. Чемпиондар лигасына қатысуымыз Қазақстан футболының дамуына қарай нақты әрі жылдам қадамдар жасауға себеп болады деп сенемін, - деді Уразбахтин матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі дебюттік маусымын турнир кестесіндегі 36-орынмен аяқтады. Алматылық клуб жеті матчта жеңіліп, бір ойында тең нәтиже көрсетіп, барлығы бір ұпай жинады.
Фото: Ашық дереккөзден