«Қайраттың» атақты футболшысы карьерасын аяқтайтынын айтты
Бразилиялық танымал шабуылшы, «Ретро» клубының ойыншысы Вагнер Лав мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Globo Esporte хабарлағандай, 41 жастағы футболшы соңғы матчын 28 наурызда өткізеді. Сол күні «Ретро» Сеара клубына қарсы алаңға шығады. Жарыстан кейін Вагнер Лав «Ретро» командасында бас бапкердің көмекшісі болып қызмет атқаратын болады.
Вагнер Лав «Монако» мен «Бешикташ» сияқты танымал клубтарда ойнағанымен, ең көп танымалдылықты Мәскеудің ЦСКА клубында көрсетті. Онда ол клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанып, 259 матчта 124 гол соқты. Ресей клубымен бірге UEFA Кубогын және үш рет Ресей чемпионатын жеңіп алды.
2020-2021 жылдары Лав Қазақстанның «Қайрат» клубында өнер көрсетіп, жергілікті жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырды. Қазақстандық клуб сапында ол 36 матчқа қатысып, 14 гол соқты. Сонымен қатар, «сары-қаралар» құрамында 2020 жылғы Қазақстан Премьер-лигасын және 2021 жылғы Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Фото: "Қайрат" ФК
Ең көп оқылған