457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысына ағылшын клубы көз тікті

Фрэнк Лэмпард бақылаған

Алматылық «Қайрат» командасының жас шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Англияның екінші деңгейлі лигасында көш бастап тұрған «Ковентри Сити» клубы қызығушылық білдірді.

Ағылшын ұжымының скауттары мен бас бапкері, Англия құрамасының бұрынғы жұлдыз ойыншысы Фрэнк Лэмпард қазақстандық футболшының ойынын УЕФА жастар лигасындағы «Спортингке» қарсы матчта (2:3) бақылаған. Сол кездесуде Тұяқбаев дубль жасап, жоғары техникасы мен шабуылдағы шеберлігін айқын көрсетті.

Жақында Азамат Тұяқбаев Қазақстан Премьер-лигасында «Жетісуға» қарсы матчта (5:0) «Қайраттың» негізгі құрамында алғашқы голын соғып, өз әлеуетін тағы да дәлелдеді.

Айта кетейік, тоғыз тур қорытындысы бойынша «Ковентри Сити» Англия Чемпионшип лигасында 19 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал клубтың шабуылшылары Хаджи Райт пен Брэндон Томас-Асанте маусымның үздік үш бомбардирінің қатарына енген.