«Қайраттағы» жалақы жүйесі: легионерлер Сәтпаевтан көп табыс табады
Алматының «Қайрат» клубы футболшыларының жалақысы туралы айтылды. Бұл туралы клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев YouTube-тағы ArchiBall арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Клуб иесінің сөзінше, қазақстандық жартылай қорғаушы Дастан Сәтпаевтың жалақысы шетелдік ойыншылардан төмен. Жалпы, «Қайраттағы» барлық легионерлер Сәтпаевтан көп жалақы алады.
«Шетелдік ойыншы қазақстандық футболшыдан сапа жағынан жоғары болуы керек. Егер деңгейі жоғары болса, жалақысы да жоғары болады. «Қайратта» Сәтпаевтан кім көп табады? Барлық легионерлер одан көп алады», - деді Қайрат Боранбаев.
Сондай-ақ, клуб басшысы қазақстандық ойыншылардың жалақысы белгілі бір критерийлерге байланысты белгіленетінін атап өтті. Оның ішінде ұлттық құрамадағы мәртебе мен өткізген матч саны ескеріледі.
«Егер сен ұлттық құрама ойыншысы болсаң және белгілі бір матч санын өткізсең – қосымша төлем қарастырылған. Бізде ең жоғары жалақы алған қазақстандықтардың бірі Александр Заруцкий болды. Ол кезде бізге қақпашы қажет еді, сондықтан оны алуға шешім қабылдадық», – деді Боранбаев.
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған