457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қайрат" жыл соңындағы екі ойынды Астанада өткізуі мүмкін

Қайрат Боранбаев Нұрсұлтан Құрманның подкастында айтқан.

Алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде өз алаңында өтетін екі ойынын өзге қалаға ауыстыру мүмкіндігін қарастырады, деп жазады malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, бұл жөнінде алматылық клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Нұрсұлтан Құрманның подкастында айтып берді.

Оның айтуынша, клуб желтоқсан және қаңтар айында өтетін екі ойынын Астана қаласында өткізу жөнінде UEFA -ға ұсыныс жолдаған. 

— Қазір оған қатысты жауап күтіп отырмыз. Себебі қарапайым. Желтоқсан мен қаңтарда Алматыда өте суық ауа райы тіркеледі, жасыл алаң да оған дайын болмайды. Біз осындай ұсынысымызды жеткіздік. Егер ауа райы қалыпты жағдайда болса, Алматыда өткізу мүмкіндігін қарастырамыз, - деді Қ.Боранбаев.

UEFA рұқсат берген жағдайда алматылық клуб өз алаңындағы ойындарында қарсыластарын «Астана Аренада» қабылдайды. Алдымен 9 желтоқсанда грекиялық «Олимпиакоспен» кездессе, одан кейін 20 қаңтарда бельгиялық «Брюггемен» ойнайды.

Фото: Sports24.kz