«Қайрат» жолдастық матчта «Зениттен» жеңілді
Алматының «Қайрат» клубы Санкт-Петербургте өткен жолдастық кездесуде «Зенит» командасына 0:2 есебімен есе жіберді.
Матчта ресейлік клуб сапынан Нино мен Александр Соболев гол соқты. Ойынның басында-ақ «Зенит» басымдықты өз қолына алып, стандарттан кейін есеп ашты. Ал екінші гол әдемі комбинация нәтижесінде тіркелді.
«Қайрат» кездесуді мына құрамда бастады: Буч (қақпашы), Кургин, Африка, Мартынович (капитан), Қасаболат, Нұрғалиев, Садыбеков, Глазер, Луиш Мата, Себальос және Эдмилсон.
Бірінші таймда алаң иелері бірнеше қауіпті сәт жасап, есепте алға шығатын мүмкіндігі болған. Аматылықтарды бірнеше рет бағана мен қақпа жақтауы құтқарды. Ал «Қайрат» шабуылда айтарлықтай қауіп төндіре алмады.
Екінші таймда ойын қарқыны бәсеңдегенімен, «Зениттің» допқа иелік етуі мен ойын бақылауы сақталды. Қорытындысында алаң иелері сенімді жеңіске жетті.
Айта кетейік, соңғы сегіз жылда бұл екі команда бес рет жолдастық матч өткізген. Оның төртеуінде «Зенит» жеңіске жетсе, бір ойын тең аяқталған. «Кайрат» әзірге бұл қарсыласты ұта алған жоқ.
Қазақстан Премьер-лигасының келесі турында «Қайрат» 5 сәуір күні «Астана» командасын қабылдайды.
Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі
Ең көп оқылған