Мәзір
Футбол

«Қайрат» түлегіне Дания клубтары қызығушылық танытты

Сабина Асқарқызы 171 қаралым
«Қайрат» түлегіне Дания клубтары қызығушылық танытты

Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысы Мансұр Бірқұрманов Еуропа скауттарының назарына ілікті, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақпарат көзінің хабарлауынша, даниялық мамандар UEFA жасөспірімдер Чемпиондар лигасы аясында «Копенгаген» қақпасына соққан голдан (2:2) кейін Бірқұрмановпен байланыс орнатуға талпынып жатыр.

Айта кетейік, өткен маусымда шабуылшы Бірінші лигада «Қайрат-Жастар» сапында тоғыз матч өткізіп, үш гол соқты. Ал биылғы жасөспірімдер Чемпиондар лигасында төрт ойында бір доппен көзге түсті.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар