457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қайрат" сырт алаңда есе жіберді

Бұл ойында алматылық клубтың 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза алғаш рет жасыл алаңға шықты.

UEFA Чемпиондар лигасы аясында өткен матчта «Қайрат» португалиялық «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл ойында алматылық клубтың 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза алғаш рет жасыл алаңға шықты. Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбековтің жарақатына байланысты негізгі құрамға енген Шерхан турнир тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі атанды.

Ойынның бірінші кезеңінде Шерхан бірнеше қауіпті соққыны тойтарып, өзіне сенімді ойын көрсетті. Алайда 44-минутта «Спортинг» ойыншысы Франсиску Тринкан есеп ашты. Екінші таймда қазақстандық команда жиі қателікке бой алдырып, төрт минут ішінде үш гол жіберіп алды. Қарсылас сапынан Тринкан (64'), Сантос (66') және Кенда (68') мергендік танытты.

Ойынның 86-минутында «Қайрат» сапынан Эдмилсон бір голмен жауап қайырды. Бірақ бұл есепті теңестіруге жеткіліксіз болды.

Алматылық клуб енді келесі ойынын 30 қыркүйекте өз алаңында Испанияның «Реал Мадридіне» қарсы өткізеді. Сонымен қатар, топтық кезеңде «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр) және «Копенгаген» (Дания) сынды беделді клубтармен кездеседі. Жалпы, команда 8 матч өткізеді: төртеуі — өз алаңында, төртеуі — сырт алаңда.

Фото: Ашық дереккөзден