457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Ресейде «Зенитпен» жолдастық матч өткізеді

Алматының «Қайрат» командасы Ресейдің «Зенит» клубымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ойын 28 наурыз күні Санкт-Петербург қаласындағы Газпром-Арена стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.

Өткен маусымда «Қайрат» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанған еді. Ал биыл ақпан айының соңында ел Суперкубогы үшін «Тобыл» клубымен кездесіп, негізгі уақыт тең аяқталғаннан кейін пенальти сериясында қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, 2025/26 жылғы маусымда «Қайрат» клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті.

Ал Зенит Ресей чемпионатында 19 турдан кейін 42 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді. Бірінші сатыда 43 ұпайы бар Краснодар орналасқан.

 

 

Фото: © ФК «Зенит»