Қайрат Реалмен өтетін ойын алдында ресми мәлімдеме жасады

УЕФА Чемпиондар лигасы матчтарына билет сатылымы басталар алдында «Қайрат» ФК жанкүйерлерді жалған хабарландырулар мен қайта сатумен байланысты алаяқтық жағдайлары жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Үшінші тұлғалардан немесе ресми емес арналар арқылы алынған билеттің күші жойылмақ. Ал оны сатып алған адамдар стадионға кіре алмайды.
«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де клубтың ресми сайтында, Ticketon платформасында және Qairat SuperApp қосымшасында сатылымға шығады. Ticketon жүйесінде сатылым басталған сәтте виртуалды кезек қалыптасады, сондықтан алдын ала кіріп қоюыңыз керек, - деп жазылған хабарламада.
Стадион сызбасын және сервисті дұрыс көру үшін Qairat SuperApp қосымшасын App Store немесе Play Market арқылы соңғы нұсқасына жаңартуды ұсынып отыр.
Сайт және Ticketon арқылы рәсімделген билет матч күні ғана электрондық поштаға жіберіледі. Qairat SuperApp мобильді қосымшасында жарамды QR-код ойын басталардан бірнеше сағат бұрын автоматты түрде жаңартылады. Скриншот пен үшінші көздерден алынған сурет жарамсыз болады, - деп отыр жауапты тарап.
Фото: Ашық дереккөзден


Ең көп оқылған
