«Қайрат» «Реалмен» ойын алдында қақпашы Игорь Шацкийді алуы мүмкін

Қарағандының «Шахтер» клубының қақпашысы Игорь Шацкий алдағы күндері алматылық «Қайраттың» сапына қосылуы ықтимал. Бұл туралы malimsports.kz Extratime.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше Шацкий «Шахтердің» Бірінші лигадағы «Жетысайға» қарсы ойынға қатысқан жоқ. Себебі ол қарағандылық клубпен келісімшартты бұзуға және «Қайратқа» еркін агент ретінде ауысуға дайындалып жатыр.
Еске сала кетейік, «Қайраттың» негізгі қақпашылары Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды. Ал Чемпиондар лигасында «Спортингке» қарсы өткен матчта қақпаны небәрі 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғаған еді.
ФИФА мен УЕФА ережелеріне сәйкес, маусымның қалған бөлігіне клуб бір ғана еркін агентті тіркей алады.
Фото: ҚФФ


Ең көп оқылған
