457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» «Реалды» жеңсе, әр ойыншыға автокөлік беремін – Тұрсынғали Алагөзов

«Қайрат» жеңсе, алаңға шыққан әрбір ойыншыға автокөлік сыйлаймын.

Алматы күніне орай кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов күтпеген мәлімдеме жасап, қазақстандық жанкүйерлерді елең еткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол әлеуметтік желідегі үндеуінде 30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи ойынға тоқталып, егер алматылықтар жеңіске жетсе, футболшыларға ерекше сый жасайтынын жеткізді.

«Алматы күні – барлығымыз үшін маңызды мереке. Дәл он күннен кейін сүйікті «Қайрат» әлемдегі ең мықты клубтардың бірі «Реал Мадридпен» жасыл алаңға шығады. Республика патриоты ретінде және туған күнімнің қарсаңында мынадай уәде бергім келеді: егер «Қайрат» жеңсе, алаңға шыққан әрбір ойыншыға автокөлік сыйлаймын. Алматы – әлемнің астанасы, «Қайрат» – чемпион!» – деді кәсіпкер.

Бұл туралы бейнежазбаны оның жұбайы, продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетейік, «Қайрат» пен аты аңызға айналған «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен кездесу 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыда өтеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл тек қазақстандық футбол үшін ғана емес, ел спорты үшін де тарихи оқиға болмақ.

Фото: әлеуметтік желі