457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» – «Реал» матчы ең танымал телехабарлардың қатарына енді

УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі 2025 жылы Қазақстандағы ең көп қаралған телехабардың біріне айналды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұлттық медиа қауымдастығы мен K Research Central Asia жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұл ойынды 5 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Осылайша, матч отандық спорт тарихындағы ең жарқын оқиғалардың бірі ретінде тіркелді.

Жалпы, қазақстандықтар күніне орта есеппен 2 сағат 54 минут теледидар көреді. Бұл көрсеткіш Өзбекстандағы (2 сағат 28 минут) деңгейден жоғары, алайда Ресейдегі (3 сағат 22 минут) көрсеткіштен төмен. Әлем бойынша орташа көрсеткіш – 2 сағат 19 минут.

Жылдың ең көп қаралған телехабары – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауы болды. Оны шамамен 6,5 миллион адам көрген.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында «Қайрат» «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен жеңілді.

 

 

Фото: "Қайрат" ФК