457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» – «Реал» матчы: Боранбаев билет бағасына қатысты түсініктеме берді

Боранбаевтың айтуынша, баға саясаты кездейсоқ қалыптаспаған және УЕФА талаптары мен нарықтық талдау негізінде бекітілген.

«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ArchiBall YouTube-арнасына берген сұхбатында Чемпиондар лигасы аясындағы үй матчтарына билет бағасының жоғары болу себептерін түсіндірді, деп хабарлайды malimsports.kz

Сұхбат барысында журналист «Реалға» қарсы ойынға деген сұраныстың жоғары болуын түсінуге болатынын, алайда «Пафосқа» қарсы матч билеттерінің де қымбат болғаны жанкүйерлерді таңғалдырғанын атап өтті.

Боранбаевтың айтуынша, баға саясаты кездейсоқ қалыптаспаған және УЕФА талаптары мен нарықтық талдау негізінде бекітілген.

Бұл - Чемпиондар лигасының матчтары екенін түсіну керек. Кейбіреулер бағаны УЕФА-мен келісеміз дегенге сенбейді, бірақ бұл рас. Билеттерді сату тәртібі де келісім арқылы реттеледі, - деді ол.

Клуб басшысы билет құнын белгілеу кезінде Алматыдағы ірі мәдени және спорттық іс-шаралардың бағалары зерттелгенін айтты. Атап айтқанда, Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттерінің, сондай-ақ теннис пен хоккей матчтарының билеттері сараланған.

Сонымен қатар шамамен үш мың билет серіктестерге, демеушілерге және арнайы қонақтарға тегін таратылған. УЕФА белгілі бір орындарды өз тарапынан бұғаттайтыны да ескерілген.

Біз үшін бұл да алғаш рет ұйымдастырылған тәжірибе болды. Кейбір билеттер УЕФА талаптарына сәйкес демеушілер мен қонақтарға бөлінеді. Ал бір бөлігін ардагерлерге, академия тәрбиеленушілеріне және клуб жанкүйерлеріне өзіміз ұсындық, – деді Боранбаев.

Оның сөзінше, «Реалға» қарсы матчта қымбат санаттағы билеттер саны өзге Чемпиондар лигасы ойындарына қарағанда көбірек болған. Осылайша, клуб өкілдері билет бағасының жоғары болуын халықаралық турнир талаптары мен нарықтық жағдайлармен байланыстырды.

Фото: Ашық дереккөзден