"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев алдағы билет сатылымына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оның айтуынша, билеттерді сату матчқа шамамен он күн қалғанда басталады.
«Егер ойын 30 қыркүйекке жоспарланса, онда сатылым 20 қыркүйекте ашылады», – деді Жарасбаев.
Вице-министр билет құны әзірге белгісіз екенін атап өтті.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі билеттерді делдардармен сатып алмау туралы қазақстандықтарға үндеу жолдаған болатын.
"Қайрат" клубы футболдан Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Шотландияның "Селтик" клубынан басым түсіп, топтық кезеңге жолдама алды. Ал топтық кезеңде алматылық команда испаниялық "Реалдан" бөлек, Англияның "Арсеналымен" және италиялық "Милан" секілді әлемнің танымал клубтарымен кездеседі.
Фото: Ашық дереккөзден


Ең көп оқылған
