«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчының билеттерін сату кезінде белгілі шектеу орнатылды

Алматының «Қайрат» футбол клубы алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнап, әйгілі мадридтік «Реалға» қарсы алаңға шықпақ. Тарихи матч 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клуб ресми хабарламасында билет сату тәртібі жарияланды. «Қайрат» - «Реал Мадрид» ойынына билеттер 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де клубтың ресми сайтында және Ticketon платформасында сатылымға шығады.
Әр жанкүйер өз ЖСН арқылы бір адамға тек екі билеттен ғана сатып ала алады. Бұл талап билет алу кезінде де, стадионға кіру барысында да қатаң тексеріледі.
Клуб өкілдері жанкүйерлерді тәртіпті сақтап, билет сату ережелерін бұзбауға шақырды.
Фото: Ашық дереккөзден

Ең көп оқылған
