«Қайрат» – «Реал Мадрид»: матчы қайдан көрсетіледі?

Алматылық «Қайрат» 30 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турында өз алаңында Испанияның атақты «Реал Мадрид» клубын қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Күздің басты спорттық оқиғасы Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Хаби Алонсо жаттықтыратын командаға лайықты қарсы тұра ала ма?
Жанкүйерлер тартысты ойынды 21:45-тен бастап «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Қайдан көруге болады?
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының екінші тур ойынын екі қазақстандық телеарна көрсетеді. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, басталуы – 21:45.
«Қайраттың» алдағы кездесулері
Алғашқы турда алматылық клуб сырт алаңда португалиялық «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберген болатын. Бұдан кейін «Қайратты» мынадай қарсыластар күтіп тұр:
«Интер» (Италия),
«Арсенал» (Англия),
«Брюгге» (Бельгия),
«Олимпиакос» (Грекия),
«Пафос» (Кипр),
«Копенгаген» (Дания).
Турнир жайлы
Топтық кезеңге 36 команда қатысады. Турнир 16 қыркүйекте басталды, соңғы – сегізінші тур 2026 жылғы 28 қаңтарда өтеді.
1/8 финал – 10–11 наурыз,
ширек финал – 7–8 сәуір,
жартылай финал – 28–29 сәуір,
финал – 30 мамыр.
Ереже бойынша, 1–8 орын алған клубтар бірден 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9–24 орын иеленгендер 1/16 финалдың плей-офф кезеңінде күш сынасады. Қалған клубтар жарысты аяқтайды.


Ең көп оқылған
