457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздіктері қатарына енді

Оны турнирдегі ең үздік жеті ойыншының қатарына қосты

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков биылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік ойыншылар тізіміне кірді.

Танымал статистикалық портал SofaScore қазақстандық футболшыға ең жоғары баға – 10.0 қойып, оны турнирдегі ең үздік жеті ойыншының қатарына қосты.

Үздік 7 ойыншының тізімі төмендегідей:

Фермин Лопес («Барселона»)

Темірлан Анарбеков («Қайрат»)

Йенс Петтер Хауге («Галатасарай»)

Марк Флеккен («Байер 04»)

Килиан Мбаппе («Реал Мадрид»)

Гульельмо Викарио («Тоттенхэм»)

Фил Фоден («Манчестер Сити»)

Темірлан Анарбековтің 10.0 бағасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Пафосқа» (0:0) қарсы матчтағы сенсациялық ойыннан кейін қойылған. Қақпашы бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын голдан аман алып қалды.

Бұл – қазақстандық футбол тарихындағы сирек жетістіктердің бірі. Анарбеков әлемдік футбол жұлдыздары – Мбаппе, Фоден және Лопеспен бірге үздіктер қатарынан көріну арқылы өз деңгейін тағы бір дәлелдеді.

ФОТО: gettyimages.com