457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы қажылыққа барды

Қақпашының анасы Меккедегі әсерлі сәттерінен фото және видео жариялап, әлеуметтік желіде қуанышын жеткізді.

«Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева қасиетті қажылық сапарына барды, деп жазады malimsports.kz.

1bol.kz-тің мәліметінше, ол Меккедегі әсерлі сәттерінен фото және видео жариялап, әлеуметтік желіде қуанышын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Шерхан Қалмырзаға Умра қажылығына жолдама сыйға берілген болатын. Бұл ерекше сыйлық оған Алматы қаласында өткен бір тойда табысталған еді. Сол кеште Шерхан мен анасы құрметті қонақтар қатарында болып, қасиетті сапарға арналған сертификатқа ие болды.

Айта кету керек, талантты қақпашы бұған дейін де бірнеше мәрте ел назарына ілікті. Алматыдағы «Реал Мадридпен» өткен тарихи ойыннан соң кәсіпкер Ұлықбек Шарипов оған заманауи Exeed маркалы көлігін тарту етсе, ал Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды спортшыға білім грантын табыс еткен еді.

Бүгін Шерхан Қалмырза өнер көрсететін «Қайрат» сырт алаңда «Интермен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңілді. Чемпиондар лигасының кезекті туры алдында алматылық команданың еншісінде бір ұпай бар.

Фото: 1bol.kz