457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Премьер-лигада қайтадан көш бастады

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясындағы кейінге шегерілген матчта «Оқжетпесті» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Көкшетауда өткен кездесуде есепті 15-минутта финляндиялық жартылай қорғаушы Ойва Юккола ашты.

Алайда 23-минутта Бектемір Абдумомонов таразы басын теңестірді. Екінші таймда «Қайрат» қайтадан басымдыққа ие болды. 57-минутта бразилиялық қорғаушы Лукас Африко алматылық клуб сапындағы алғашқы голын соғып, командасын алға шығарды.

Матчтың соңғы нүктесін 90+5-минутта Эдмилсон қойып, қонақтардың жеңісін түйіндеді.

Осылайша, «Қайрат» 36 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді.

Дегенмен екінші орында келе жатқан «Ордабасының» жоғалтқан ұпай бойынша артықшылығы сақталып отыр. Шымкенттік клубтың еншісінде 34 ұпай бар және олар әзірге 14 матч өткізсе, «Қайрат» 17 ойынға қатысқан.

 

Фото: "Қайрат" ФК