«Қайрат» премьер-лигада көш бастады

Алматының «Қайрат» клубы Премьер-лигадағы кезекті ойынында астаналық «Жеңісті» 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесу қарқынды басталды. Алматылық команданың шабуылшысы Дастан Сәтпаев 12 және 37-минуттарда мергендік танытып, дубль авторы атанды. Осылайша ол маусымдағы голдар санын 11-ге жеткізді.
Екінші таймда 52-минутта «Жеңіс» сапынан Исламбек Қуат есеп айырмасын қысқартты. Алайда 80-минутта «Қайраттың» легионері Рикардиньо тағы бір гол соғып, жеңісті түпкілікті жақындатты.
Осы жеңістен кейін «Қайраттың» еншісінде 52 ұпай болды. Бұл көрсеткіш алматылық клубты көш басына шығарды. «Астана» екі ұпайға артта қалды.
Ал дубльдің арқасында Дастан Сәтпаев сұрмергендер тізімінде үшінші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта көш басында 13 голы бар Назми Грипши тұр. Екінші орында – 11 гол соққан Марин Томасов, ол нәтижелі пас саны бойынша алда.
Фото: «Қайраттың» баспасөз қызметі


Ең көп оқылған
