457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» Премьер-лигада көш бастады

Алматыда жергілікті «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында кездесіп, тартысты ойын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, қырғызстандық төреші Нурзатбек Абдыкадыров бастаған қазылар алқасы қызмет атқарды.

Алғашқы тайм толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. «Қайрат» бірнеше қауіпті шабуылдар жасады, оның ішінде Жоржиньоның соққысы қақпа бағанынан қайтты. Дегенмен есеп ашылмады.

13-минутта қақпашы Темірлан Анарбеков жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Оның орнына Шерхан Қалмырза шықты.

Екінші таймда да ойынның сценарийі өзгерген жоқ. 52-минутта Дастан Сәтпаев айып алаңы сызығынан жойқын соққы жасап, командасына жеңіс әкелді. Қонақтар соңғы минуттарда белсенді қимылдағанымен, есеп өзгермеді.

Қорытынды нәтиже

«Қайрат» - «Ақтөбе» 1:0

Гол: Сәтпаев (52).

Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 49 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастады. Ал «Ақтөбе» 39 ұпаймен төртінші орында қалды.

Фото:«Қайрат» клубының баспасөз қызметі