«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығады

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билеттер 23 қыркүйекте сағат 17:00-де сатылымға шығарылады, деп хабарлайды malimsports.kz.
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы ойын 30 қыркүйек күні Орталық стадионда өтпек. Бұл ретте матчқа билеттің бағасы - 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейінгі сомада болады. Секторлардың ретіне қарай баға төмендегідей:
Батыс трибуна 1-9 сектор (1-2 қатар) - 30 мың;
Солтүстік / Оңтүстік трибуналар - 75 мың;
Шығыс трибуна - 150 мың;
Батыс трибуна - 250 мың;
Ереже бойынша бір адамға екуден артық билет сатып алуға шектеу қойылған. Билет алған кезде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері көрсетілуі міндетті. Ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексерілетін болады.
Матч билеттерін Ticketon платформасында, FCKAIRAT.COM сайтында және Qairat Superapp қосымшасында сатып алуға мүмкіндік қарастырылған.
Фото: Ашық дереккөзден


Ең көп оқылған
