Мәзір
Футбол

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчы жабық режимде өтеді

Сабина Асқарқызы 295 қаралым
«Қайрат»  пен «Реал Мадрид» матчы жабық режимде өтеді

30 қыркүйекте Т.С.Сегізбаев атындағы Академия алаңында УЕФА Жасөспірімдер лигасының «Қайрат» U-19 және «Реал Мадрид» U-19 командалары арасындағы матчы өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Кездесу 12:00-де басталады. Клуб шешіміне сәйкес ойын жабық режимде өтеді.

Матчқа клуб қызметкерлері, Академияның бапкерлер құрамы және тәрбиеленушілердің ата-аналары ғана көрермен ретінде қатыса алады. Сондай-ақ матчқа БАҚ өкілдері қатыса алады. Аккредитацияға өтінім қабылдау туралы ақпарат жақын уақытта жарияланатын болады, - деп жазылған клуб хабарламасында. 

Бұл шешім Академия стадионының сыйымдылығы бар-жоғы 250 орынмен шектелгеніне байланысты қабылданған. 

«Қайрат» футбол клубы жанкүйерлерге түсіністік білдіргені үшін алғыс айта отырып, команданы экраннан қолдауға шақырады. Жақын уақытта матчтың тікелей трансляциясы жайлы толық ақпарат жариялаймыз, - деді клуб тарапы. 

Фото: "Қайрат" ФК клубы 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар