Мәзір
Футбол

«Қайрат» пен «Астана» арасындағы шешуші матчта Қазақстан чемпионы анықталады

Сабина Асқарқызы 225 қаралым
«Қайрат» пен «Астана» арасындағы шешуші матчта Қазақстан чемпионы анықталады

26 қазанда Алматының Орталық стадионында маусымның шешуші ойыны өтеді – «Қайрат» пен «Астана» Қазақстан чемпиондығы үшін сынға түседі.

Қазір «Қайрат» 58 ұпаймен көш бастап тұр, ал «Астана» екі ұпайға артта келеді. Сондықтан бұл кездесу маусымның басты тартысы болмақ.

Билеттер 22 қазаннан сатыла бастады. Бағалар:

Солтүстік және оңтүстік трибуналар – 1500 теңге

Шығыс трибуна (2-санат) – 3000 теңге

Шығыс трибуна (1-санат) – 3500 теңге

Батыс трибуна – 5000 теңге

Орталық стадион 23 мың көрерменге арналған. Сатылым басталған сәтте-ақ 10 мыңнан астам адам электронды кезекке тұрған. Бір адамға тек екі билеттен сатып алуға рұқсат етіледі.

Фото: "Қайраттың" баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар