Алматының «Қайрат» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында кеңестік кезеңдегі басты қарсыласы болған Өзбекстанның «Пахтакор» клубымен жолығады.
Жалпы, Алматы ұжымы осы жаттығу жиындары кезінде 4 жолдастық кездесу жоспарлаған. «Пахтакормен» 7 ақпанда ойнайды. Одан кейін 13 ақпанда Ресейдің «Оренбург» және 19 ақпанда «Пари НН» командалары бар. Соңғысымен екі матч қатар ойнамақ.
Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі