«Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты
Чемпиондар лигасы аясында «Қайраттың» елордада өтетін алғашқы ойынына билеттер сатылымға шықты.
Алматылық клуб Грекияның «Олимпиакос» командасына қарсы өтетін матчқа билеттерді онлайн түрде алуға болатынын хабарлады.
Матч қайда және қашан өтеді?
Ойын 9 желтоқсан күні сағат 20:30-да «Астана Арена» стадионында өтеді.
Билет бағасы:
15 000 – 50 000 теңге аралығы.
Маңызды талаптар:
– Бір ЖСН-ға екі билеттен артық сатып алуға рұқсат етілмейді.
– Шетел азаматтары билет алу кезінде төлқұжат деректерін пайдалана алады.
Бұған дейін «Қайрат» футбол клубы УЕФА-мен келісім бойынша Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы екі ойынды – «Олимпиакос» (9 желтоқсан) және «Брюгге» (20 қаңтар) матчтарын – «Астана Аренада» өткізетінін хабарлаған еді.
Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған